Референдум-2024Заң және Қоғам

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІ ЗОР   

 Референдум-2024

2024 жыл Қазақстан үшін энергетикалық болашақ тұрғысынан шешуші кезең болмақ. Елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.

«Қазақстанның қазіргі энергетикалық балансы әлі де көмірге тәуелді. Бұл елдің экономикалық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, экологиялық тұрғыдан да үлкен қауіп төндіруде. Елдегі электр энергиясының 57 пайызы  көмірден, 29 пайызы  табиғи газдан өндіріледі, ал жаңартылатын энергия көздеріне небәрі 13 пайыз тиесілі. Мұндай жағдай Қазақстан үшін энергияны әртараптандыру мен экологиялық таза технологияларға көшудің қажеттілігін айқын көрсетеді» деген пікір айтады мамандар.

Қазіргі таңда елдегі барлық электр энергиясының басым бөлігін көмір электр стансалары береді. Осындай жағдайда бізге сенімді және қауіпсіз энергия көзі қажет екендігі даусыз. Атом энергетикасы осы мәселені оң шешуге мүмкіндік береді. Өйткені ол тұрақты, экологиялық таза және Қазақстанды ондаған жылдар бойы энергиямен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ өзіміздің атом электр стансамызды салу еліміздің көрші мемлекеттерден электр қысқартуға ықпал етеді. Бұл Қазақстанның толық энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі. Сондықтан өз басым АЭС салу қажет деп ойлаймын.

Екінші жағынан Атом электр стансасын салу – еліміздің болашағы үшін маңызды шешім болмақ.  Бұл ретте әр азаматтың даусы үлкен мәнге ие. Сондықтан бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, дұрыс шешім қабылдауымыз керек. Осы орайда қазақстандықтар АЭС салу бастамасын қолдап, еліміздің дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін. Олай болса, 6-қазанда ел азаматтары  азаматтарды референдумға қатысып, дауыс берулері керек.

Ж. ӘЛИАКПАРҰЛЫ, зейнеткер.

Ақмол.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button