Мәдениет

Мәдениет және тілдерді дамыту

2021 жылы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша Целиноград ауданында 26 мәдениет нысаны қызмет атқаруда және кiтапхана саласы бойынша 15 нысан халыққа қызмет етуде.

Аталмыш мәдениет нысандарында 236 мәдениет қызметкерi жұмыс iстейдi.

Мәдениет мекемелерi Қазақстан Республикасы ұлттық және мемлекетттiк мерекелерiне, атаулы жылдар мен күндерiне, айтулы мерейтойлар мен ашық есiк күндерiне арналған мерекелiк iс-шараларға жоғары деңгейде өтуiне белсендi қатысып келедi. Сонымен қатар, ауданның мәдени-шығармашылық өмiрiндегi концерттер, фестивальдер, байқаулар мен көрмелер ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның мәдениет үйлерi мен клубтары 6041 мәдени-бұқаралық iс-шаралар ұйымдастырды.

Бүгiнгi таңда ауданда 198 мәдениет клубы жұмыс iстейдi. Оның құрамында 2612 адам тартылған

Кiтапхана жүйесiнiң жалпы кiтап қоры 158408 дананы құрайды. Кiтапхана қорына 2020 жылы 4517 дана кiтап келiп түстi, олардың мемлекеттiк тiлдегi саны — 2942 дана

Желiнi дамыту

2020 жылдың қорытындысы бойынша Целиноград ауданының клубтық мәдени кәсiпорындарының желiсi 26 клубтан тұрады.

23 мемлекет:

— Аудандық мәдениет үйі Ақмол ауылы;

— Ауылдық мәдениет үйлер: Қабанбай батыр, Нұресіл, Родина, Жаңа Жайнақ, Жалғызқұдық, Софиевка, Р.Қошқарбаев, Жаңаесіл;

— Ауылдық клубтар: Мортық, Садовое, Опан, Нұра, Сары-Адыр, Жаңажол, Зеленый Гай, Приречное, Тасты, Мәншүк, Қосшы, Талапкер, Қараөткел, Шалқар.

Оның ішінде бүгінгі күні жұмыс істейтіндер мәдениет нысандары 19, жұмыс істемейтіндер 5.

Мемлекеттік емес клубтық кәсіпорындар Отаутүскен, Бірлік, Қараменді батыр сияқты ауылдық клубтар ауылдық округтердің ЖШС иелігінде.

Целиноград ауданы әкімдігінің 24.09.2020 жылғы №А-3/258 қаулысы негізінде 2020 жылдың 1 қазанында Целиноград ауданының Талапкер ауылында ауылдық клубтың салтанатты ашылуы өтті.

Клуб кәсiпорындарының қызметi:

Ауданның клуб мекемелерiнде өңiрлiк және аймақтық жарыстарға жүйелi түрде қатысатын шығармашылық ұжымдар бар.

Көп уақыттан берi сақталып келген аудандық мәдениет үйiнiң орыс халық хоры.

Бұдан басқа да «Халықтық» атағына ие ұжымдар: Қазақ халық хоры (Нұресiл ауылы, жет: Таксимов Е.К.) және «Былина» орыс халық аспаптар ансамблi (Родина ауылы, жет: Тягниряднов Н.И.). Аудандық мәдениет үйiнiң «Асыл Мұра» қазақ халық аспаптар оркестрi (жет.: Ахметжанов С. А.), «Ару ана» әжелер ансамблi Акмол а. (жет.: Дуйсекеева Б.), Қабанбай батыр АМҮ «Ай-Ару» қазақ хоры (жет.: Жұмашев А. Ж.), Родина АМҮ «Родина» би ұжымы (жет.: Савченко А. А.). Бiр ұжым «Үлгiлi» атағына ие, ол Нұресiл АМҮ «Нәзiк» би ұжымы (жет.: Арынгазина Г. К.)

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Целиноград ауданының Орталықтандырылған кiтапханалық жүйесiне орталық аудандық кiтапхана және 13 ауылдық кiтапхана кiредi: Шалқар, Нұресiл, Тасты, Софиевка, Жалғызқұдық, Оразақ, Родина, Жаңаесiл, Жаңа — Жайнақ, Арайлы, Қабанбай батыр, Мәншүк, Қосшы, Қараөтке.

2 кiтапхана «Модельдi» мәртебесiне ие — Родина ауылдық кiтапханасы және Нұресiл ауылдық кiтапханасы.

 Тіл оқыту орталығы

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметшілеріне мемлекеттік тілді және  «тілдердің үштұғырлығы» жобасы аясында ағылшын және басқа да тілдерді озық әдістер мен жаңа оқыту технологиялары негізінде оқытуды жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес мекеме болып табылады.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button