Ұлттық мереке – Республика күні
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Көкшетау» мәдениет сарайында Республика күніне және ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Азат рухтың Абылай ханы» республикалық ақындар айтысы өтті.
Республикалық айтысты Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабек Рахымбекұлы жүргізеді.
Қазылар алқасының құрамына Дәулеткерей Кәпұлы – Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалының директоры, ақын, халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, қазылар алқасының төрағасы; Алмас Темірбай — ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Арман Бердалин – айтыскер, жазушы, танымал ақын енді.
Бас жүлдеге және 1 млн. теңге ақшалай сертификатқа Ерлан Дәулет (Ақмола облысы), жүлделі бірінші орынға және 800 мың теңге ақшалай сертификатқа Мұхтар Ниязов (Қызылорда қаласы) ие болды.
Екінші орынды және 500 мың теңге ақшалай сертификатты Иранғайып Күзембаев (Астана қаласы), үшінші орынды және 300 мың теңге ақшалай сертификатты Құрмет Құралхан (Ақмола облысы) иеленді.
Қалған байқау қатысушылары диплом және 100 мың теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.