Заң және Қоғам

Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды:

Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды:

2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.

Ел тарихында тұңғыш рет ұлттық құрама Францияның Лион қаласында өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 6 үздік медальон мен «Ұлттың үздігі» номинациясын жеңіп алып, едәуір нәтижеге қол жеткізді.

Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды.

Колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button