Заң және Қоғам

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді

 

Лунара Арынбек

2025 ж. 11 нау., 11:40

Әзірге рейтингте екінші орынға британдық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) жайғасты.

 

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановты жоғарылатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Орта салмақтағы рейтингте Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) үшінші орында болған еді. WBC отандасымызды бірінші орынға шығарды. Бұған дейін ұйым осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын иеленген доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Мейіріммен жекпе-жек өткізіп, атағын қорғауды міндеттеген болатын. Алайда доминикандық боксшы жекпе-жекке шығудан бас тартты.

 

Әзірге рейтингте екінші орынға британдық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) жайғасты. Ал үшінші орынға тағы бір британдық бокс мектебінің өкілі кіші-Крис Юбэнк (34-3, 25 КО) орналасты.

 

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылы 17 қарашада жекпе-жек өткізген еді. Ол Өзбекстанның Ташкент қаласында болған бокс кешінде чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button