Заң және Қоғам

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу бойынша кеңес өткізілді

Бүгін облыс орталығында Ақмола облысының әкімі
Марат Ахметжановтың төрағалығымен су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық залалды өтеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Өңір басшысы залалдыөтеутезарадажәнезаңнамағасәйкесжүзеге асырылуы тиісекенін атап өтті.

«Су тасқыны салдарына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев зардап шеккендерге, оның ішінде қазақстандық бизнес өкілдерін тарта отырып, барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғындарға жеткізу қажет», — деп атап өтті облыс әкімі.

Отырыс барысында облыс орталығында материалдық залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі Бауыржан Ғайса айтып берді.

«Көкшетау қаласының әкімдігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия құрылды. Залалды өтеу қағидалары шеңберінде ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап зардап шеккендерден өтініштер қабылдау басталды. Азаматтарға жедел қызмет көрсету үшін бөлімде құжаттарды қабылдаудың 5 терезесі ұйымдастырылып, толық түсіндіру үшін кеңесшілер қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың
2-3 сәуірі аралығында 67 өтініш қабылданып, залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия қарады», — деді Б.Ғайса.

Айта кетсек, залалды бағалау жәбірленуші мен бағалаушының қатысуымен жүзеге асырылады. Залалды өтеу мөлшері бүлінген мүлікті қалпына келтіру үшін қажетті шығыстар немесе оның бүлінуі салдарынан мүлікті белгілеу мөлшері не нарықтық бағалар бойынша жоғалған мүліктің құны негізге алына отырып айқындалады.

«Уақыт өтіп жатыр, тұрғын үйді тексеру бойынша жұмысты бастау керек, өтініштерді объективті, жан-жақты қарау қажет. Халыққа көмек уақытылы болуы керек», — деп қорытындылады М.Ахметжанов.

 

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button