Заң және ҚоғамСайлау 2024

КӨҢІЛ-КҮЙЛЕРІ ЖОҒАРЫ

Сайлау 2024

Қажымұқан ауылындағы №686 сайлау учаскесінде саяси науқан қызу жүруде. Сайлау учаскесі орналасқан жалпы білім беретін мектеп ғимаратына келушілердің қатары сәт сайын арта түсуде. «Таңертеңгі сағат 7-00-ден бастап 20-дан астам адам дауыс беріп үлгерді. Мұндағы сайлаушылар саны 727 адам. Кешкі 20-00-ге дейін сайлаушылардың барлығы да өз дауыстарын береді» дейді комиссия төрағасы Едресов Ерболат Аманжолұлы.

Айта кететін жәйт, алғашқы келіп дауыс берген 10 адамға ауылдың белсенді азаматшасы, кәсіпкер   Тілектес Кенжеғалиева сыйлық таратып, үлкен әжелер шашу шашты. Ал мектеп директоры Еслям Буянұлы түске қарай өнерпаз оқушылар осы шараға орайластырып жұртшылыққа концерттік бағдарлама ұсынатындығын айтып өтті.

Бір атап өтерлігі, мұндағы белсенділіктің  жоғары екендігі байқалды. Ауыл тұрғындары сайлау учаскесіне көптеп келіп жатыр.

Р. ҚАДІРЖАН.

Қажымұқан.

 

 

 

 

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button