Заң және Қоғам

✨Игі іс  ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛЫНДА ҮЛКЕН ҚУАНЫШ

✨Игі іс

ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛЫНДА ҮЛКЕН ҚУАНЫШ

Бүгін ауылымыз үшін тарихи күн десек артық болмайды. Бұрыннан бері шешімін таба алмай жүрген үлкен мәселе – электр желілерін жаңарту жұмысы ақыры өз нәтижесін берді.

Қазірдің өзінде Жастар көшесіне 8 опора орнатылды, жалпы 209 бағана қойылып, оларға 209 заманауи жарық шамы орнатылады. Нәтижесінде ауылымыздың 5 көшесі жарықтанып, қас қарайғанда ауылымыздың келбеті мүлде өзгермек. Бұл – қажымұқандықтардың көптен күткен арман-тілегі еді.

Бұл игілікті іске аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының қолдауы мен «АРЭК» мекемесінің еңбегі зор. Бірлескен жұмыстың арқасында көп жылдар бойы шешілмей келген мәселе өз шешімін тауып отыр.

Қуаныш құтты болсын, ағайын!

Туған ауылымыздың түнгі шамдары жарқырап, халқымыздың тұрмысы күннен-күнге жақсара берсін!

Ж. Байділдина,

аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Қажымұқан.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button