Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін қалай таба алады?
Президенттің кезектен тыс сайлауы Қазақстанда 20 қарашада өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана тұрғындары қазірдің өзінде өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді бірнеше тәсілмен онлайн ала алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Астана қаласының әкімдігі өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі тәсілдермен алуға мүмкіндік береді:
- Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
- Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/@sailau_astana_bot
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.
Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, аталған сайлау учаскесінің аумағында тіркелу фактісі негіз болып табылатынын атап өту маңызды. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электрондық үкімет»порталы «Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет » Мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.