5 маусым республикалық референдумЗаң және Қоғам

 ДҰРЫС ТАҢДАУ – МІНДЕТІМІЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен 2022 жылғы 5 маусым республикалық референдум өтетін күн боп белгіленді. Президенттің Жолдауына сәйкес Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі. Еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасау – әр азаматтың міндеті.

Бұл ретте халықтың саяси сауатын арттыруда саясаттанушылардың рөлі жоғары болуы тиіс. Осыған орай, Целиноград ауданында Қоғамдық штабтар құрылып, халықты кеңінен хабардар ету мақсатында барлық жерлерде кездесулер өткізілуде.

Қазіргі таңда Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері өңірлерде халықпен кездесуде. Тұрғындар Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап жатыр. Бұл референдум заңнама түрінде еліміздің алдағы дамуына бағыт-бағдар беретін өзгерістерге әкеледі.

Алдағы маусым айының 5 күні өтетін жалпыхалықтық референдумның  еліміз үшін маңызы зор. Себебі, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың құқығын қамтамасыз етіп, халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Жер тұтастығын сақтауда барлық мүмкіндіктер халықтың иелігіне берілмек.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл — Жаңа Қазақстанды құрудың алғышарты. Сондықтан, Ел келешегіне қатысты қойылған сауалға әр азамат салиқалы жауап беруге тиісті.

Целиноград ауданының тұрғындары референдумға белсенді қатысуға дайын, әрі Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдайды деп ойлаймын.

Жалпы, қоғамдық-саяси және экономикалық тұрғыда жаңа деңгейге көтерілу үшін әр азаматтың бұл науқанға атсалысуы аса маңызды.

Бар мүмкіндікті пайдалану, сол арқылы Ел болашағы үшін керек өзгерістерге дауыс беру – баршаның міндеті.

Дұрыс таңдау – келешек жолы. Елдік жұмысқа бір кісідей атсалысайық!

Ләззат  Қонарбаева,

Целиноград ауданы мәслихатының хатшысы, Қоғамдық кеңес мүшесі, «AMANAT» партиясының депутаты.

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button