Білім беру
Білім беру бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады, балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді, Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, аудандық ауқымдағы конкурстарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді., мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын тәртіппен жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде материалдық көмек көрсетуді ұйымдастырады, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді, құлағдар етуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім беру мониторингін, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, білім беру ұйымдарының мемлекеттік кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді, тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ұйымдар) басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурс ұйымдастырады және өткізеді — арнайы және мамандандырылған Білім беруді қоспағанда, жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді, тиісті санатты белгілеу және растау үшін педагог қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтауды ұйымдастырады және өткізеді., педагогикалық қызметкердің жеке жетістіктерін жобалау үшін мотивациялық қызмет аясын кеңейту қызметкерлерді еңбектегі жетістіктері мен білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көтермелейді.