Бас прокуратура қаңтар оқиғалары жайында
Еліміздің тұрақтылығы сынға түскен «қасіретті қаңтар оқиғаларының» салдары халқымыз үшін ауыр соқты. Бейбіт күнде жасалған лаңкестік іс-әрекеттер егемендігімізді шайқалтып, қылмыстық топтар мемлекеттік билікті күшпен басып алмақшы болды.
Қылмыстық топтар бұған ұзақ уақыт бойы дайындалғаны қаңтар оқиғасында қолданған әдіс-тәсілдерден, мемлекеттік органдар ғимараттары сияқты маңызды нысандарды басып алғандарынан көрінді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары жүргізген тергеу нәтижелері де қаңтар оқиғасына қатысқан қылмыстық топтардың ұзақ уақыт бойы дайындық жұмыстарын жүргізгенін көрсетті.
Ендеше, біз өткен күннен сабақ алуға, «қасіретті қаңтардың» салдарын ұмытпауға, қиын-қыстау кезеңде тәуелсіздігімізді сақтап қалған халқымыздың бекем бірлігі екендігін әрдайым есте сақтауға тиіспіз!
А.Канапиянов, «AMANAT» партиясы Целиноград аудандық филиалының атқарушы хатшысы.
—