Заң және Қоғам

«Байтақ» пен Respublica бүкіл өңірлерде мәслихат депутаттарын сайлауға қатысады

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Байтақ» және Respublica партиялары барлық облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысады. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулымен 15 өңірдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауға жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалдары бірқатар басқа облыста құрылды. Respublica саяси партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулымен 19 өңірдің мәслихат депутаттарын сайлауға жіберілді. Қазіргі уақытта партия филиалы Атырау облысында құрылған. Осыған байланысты «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясын Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны, Respublica партиясын Атырау облыстық мәслихаттары депутаттарын сайлауға қатысуға жіберудің кейбір мәселелері туралы қаулыны қабылдау ұсынылады», — деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдады.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button