Қазақстанның даму қорытындысы туралы жарияланымдар сериясын жалғастыруда.
Primeminister.kz сайтының редакциясы
Қазақстанның даму қорытындысы туралы жарияланымдар сериясын жалғастыруда.
2024 жыл – білім беру жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Мектепке дейінгі деңгейден бастап техникалық және кәсіптік деңгейге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттар іске асыру сатысында.
Бүгінгі таңда 11,6 мың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1 млн-ға жуық бала тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел өңірлерінде 75,5 мың орындық 627 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1% мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы пилоттық режимде Қазақстанның төрт қаласы – Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал қалаларында ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Болашақта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.