Заң және Қоғам
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер құқығын қорғау шаралары күшейтілуде
👮♀️ 2024 жылы ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. ІІМ 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымдарын берді.
🔷 Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді, оның 3,7 мыңы балалы әйел.
📊 Жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беруде. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды, оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға, кісі өлтіру – 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ға азайған. Бұл зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды.
📱 @KZgovernment