Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2020 — 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберінде Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (одан әрі — Департамент) бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу, Ақмола облысының мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор объектілерінің бюджет қаражатын толық және уақтылы игеруге бағытталған ішкі процестердің тиімділігін арттыру бойынша белгілі бір жұмыстарды жүзеге асырады.
Шексіз және негізсіз тексерулерді болдырмау және мемлекеттік аудит объектілеріне артық қысымды жою мақсатында аудит объектілерінің тиісті өзара келісілген тізбесі әзірленді. Барлық тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделеді және бұзушылықтарды ғана емес, олардың туындау себептерін де анықтауға және уақтылы жоюға бағытталған.
2024 жылдың есепті кезеңінде Департамент 35 аудиторлық іс-шара жүргізді, соның нәтижесінде қаржылық есептілік аудитін және мемлекеттік сатып алуларды есепке ала отырып, жалпы сомасы 5 021,9 млн. теңге болатын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
— 598,7 млн. теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар;
— 4 423,2 млн. теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар;
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу 1 377,6 млн. теңгеге.
2024 жылы атқарылған жұмыстарды талдау, негізінен, бюджеттік бағдарламалардың бірқатар әкімшілері, мемлекеттік мекемелер жалпы сомасы 573,8 млн. теңге немесе 95,8% құрайтын жұмыстардың толық емес көлеміне бюджеттік қаражатты мердігерлерге негізсіз аудару есебінен заң бұзушылықтарға жол бергенін көрсетеді.
Бұзушылықтардың қалған бөлігі жалпы сомасы 26,2 млн. теңге немесе 4,2% жалақыны, іссапар шығыстарын, сондай-ақ басқа да төлемдерді (сыйақы, зейнетақылар мен үстемеақылар) негізсіз төлеуге тиесілі.
Бұл ретте, өкінішке орай, бұзушылықтарға негізінен сол мемлекеттік аудит объектілері жол бергенін атап өткен жөн.
Мысалға, «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Ақмола облысы Целиноград ауданының Қажымұқан ауылына дейінгі Есіл өзенінің арнасын түбін тереңдету, түзету және кеңейту» жобасы бойынша іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін 260,2 млн. теңге сомасында бұзушылықтар анықталды.
Жалпы сомасы 285,1 млн. теңге болатын бірқатар құрылыс жобалары бойынша да осындай бұзушылықтар анықталды (Атбасар ауданы — 153,5 млн. теңге, Бұланды ауданы — 15,4 млн. теңге, Ерейментау ауданы — 6,8 млн. теңге, Көкшетау қаласы — 109,4 млн. теңге).
Денсаулық сақтау және білім беру саласында тиісінше 17,9 млн. теңге және 12,8 млн. теңге сомасындағы бұзушылықтар анықталды.
Өкінішке орай, тиісті рұқсаты болмаған және оларды ашуға тиым салынған кезде мемлекттік сатып алу шарттары бойынша мердігерлермен есеп айырысуды жүзеоег асыру үшінекінші деңгейдегі банктердің филиалдарында мемлекеттік мекемелер эскроу шоттарын негізсіз ашуына және пайдалануына байланысты фактілері әлі күнге дейін орын алуда.
Осылайша, 2024 жылдың өткен кезеңінде бюджет қаражаты «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жалпы сомасы 1 180,2 млн. теңге сомаға аударылды, ал іс жүзінде Мердігер орындалған жұмыстарға 1 022,9 млн. теңге көлемінде орындалған жұмыстар актілерін берді. Яғни орындалған жұмыстар актісіз төлем сомасы 157,3 млн. теңгені құрайды, ал Тапсырыс беруші «ForteBank» АҚ-да бұрын ашылған эскроу шотқа 74,0 млн. теңге аударды.
Департамент, «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің объектісінде осыған ұқсас бұзушылықтарды ертеректе (2023 жылы 21,0 млн. теңге) анықтағаны туралы атап өткен жөн.
Есептік кезеңдегі аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша тексерілетін субъектілерге бұзушылықтарды жою бойынша 30 нұсқау жолданды (бүгінгі таңда олардың 18-і орындалды).
Жол берілген бұзушылықтар үшін 39 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 196 хаттама жасалып, жалпы сомасы 17,8 млн. теңге айыппұл салынды, ол бюджетке толық өтелді.
Сондай-ақ, Департамент прокуратураның тиісті шаралар қабылдау туралы 12 ұсынысын қарады.
Прокуратураның бастамасымен 7 тексеру жүргізілді, нәтижесінде жалпы сомасы 200,8 млн. теңге болатын бұзушылықтар анықталды.
Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.