Заң және ҚоғамСаясат

Қазақстан қазір тарихи межеге қадам басты – шетелдік байқаушы

Бұл туралы Vision and Global Trends Халықаралық жаһандық анализ институтының төрағасы Тиберио Грациани Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл менің байқаушы ретінде Қазақстанға екінші рет келуім. Бірінші рет 2019 жылы келген болатынмын және кейбір айырмашылықтарды байқап отырмын. 2019 жылы қазіргі уақытпен салыстырғанда белсенділік жоғары болған сияқты. Мүмкін бұл бұрынғы кезең мен биліктен жаңа кезеңге өтуге байланысты шығар. Менің тарихи ойым – Қазақстан Республикасы өте жас. Тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, жаңа мемлекетті құру әртүрлі қадамдардан тұрады. Бірінші қадамы: бұл сяаси-институционалдық жетекшілік және оны биліктің өзі жүргізеді, — деп атап өтті институт төрағасы.

Сонымен қатар шетелдік бақылаушы бұған дейін Қазақстан өте жас мемлекет болып, маңызды мәселелерді шешуге тура келгенін атап өтті.

Сондықтан егер біз экономикалық анализ жасауға талпынсақ, осы орайда экономикалық тұрғыдан даму өте маңызды. Менің ойымша, Қазақстан қазір тарихи межеге қадам басты, — деді Тиберио Грациани.

Сондай-ақ ол жаңадан сайланатын Президент қажетті саясатты таңдап, іріктеп, сол арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімін табатынына сенім білдірді.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button