АЭС - 2024Заң және Қоғам
Қауіпсіз және экологиялық таза энергия көзін дамыту қажеттілігі
Референдум күні жақындаған сайын АЭС тақырыбы қыза түсуде. Соңғы бір-екі айда ғалымдар, экологтар, сала өкілдері және қарапайым халықтың қатысуымен өткен жиындарда түрлі пікірлерді естідім. Сондй кездесулерден түйген ойымды айта отырайын. Біріншіден, маңызды саяси шешімдердің көпшілікпен кеңесу арқылы қабылдау моделінің дамып жатқаны қуантады. Бұндай жария полемика халықтың арасына іріткі салатын құбылыстарды барынша азайтады. Екіншіден, мамандардың көбісі АЭСке қатысты барлық тәуекелдер мен пайданы терең зерттей отырып, кешенді талдау жүргізу қажеттілігі айтылып жатыр, оған да келісемін. Үшінші, халықты мазалайтын сұрақтың бірі “Неліктен дәл қазір АЭС салу қажеттілігі туындады?”. Пікірлерді қорытып көсияқт.
АЭС тақырыбы көтерілгеннен бері біраз зерттеулер жүргізілген екен. Оны елдегі осы саланың мамандары айтып отыр. Бүгінде тәулігіне қажет энергияның тапшылығы 1200 МВт-қа жеткен, бұл экономикамыз үшін маңызды сигнал. Қазіргі ЖЭО-дағы жабдықтар мен желілердің тозуы жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Кеңес одағында салынған станцияларды жөндеу, қалпына келтірудің өзі біраз шығын екен.
Сондай-ақ, Қазақстан экономиканы декарбонизациялау бойынша халықаралық міндеттемелерді қабылдаған. Декарбонизациялау – бұл улы көмірқышқыл газының атмосфераға таралуын азайту. Қазір еліміздегі электр энергиясының шамамен 65% – ы көмір станцияларының көмегімен өндіріледі. Халықаралық міндеттемеге сәйкес 2060 жылға дейін бізге парниктік газдар шығарындыларын айтарлықтай азайту қажет.
Жалпы халыққа АЭС туралы ақпарат әлі де қисық беріліп жатқандай көрінді маған. Біз әлі энергия тапшылығын кереметтей сезіне қоймаған елміз, бірақ зерттеулер алдағы уақытта бұл мәселенің біз үшін өзекті болатынын көрсетіп отыр. АЭС елдегі баламалы энергетиканың дамуы жағдайды түбегейлі өзгертіп, бірден бірнеше проблемаларды шешуге ықпал етуі мүмкін. АЭС тек реактор мен отыннан тұрмайды. Оны салаудың өзіне он жылдай уақыт кетеді екен. Ең бастысы – сол он жылға созылатын уақытта қажетті мамандарды дайындап алу. Қазір 4000 жуық маман бар деген ақпарат айтылды, бірақ олар нақты практик мамандар болуы тиіс. 6 қазанда өз таңдаумызды жасаймыз, халық еліміздің дамуына, болашағына әсер ететін жауапты шешім қабылдауы тиіс. Бәрі өз қолымызда.