Референдум-2024АЭС - 2024Заң және Қоғам

 АЭС САЛУ — ӨМІРЛІК ҚАЖЕТТІЛІК

АЭС САЛУ — ӨМІРЛІК ҚАЖЕТТІЛІК

 «Болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр станциясын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін айтып келемін».

Қасым -Жомарт Тоқаев.

Осы тұрғыда мамандар мынадай пайымдарын алға тартуда: «АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3 пайызға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10 пайызға дейін өсіруді мақсат еттік. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға дейін жеткізбекпіз».

Биылғы Қазақстан халқына аранаған Жолдауында Мемлекет басшысы энергетика тапшылығы мәселесін шешудің маңыздылығына айырықша мән берді. Бүгінде энергетиканың Қазақстан экономикасындағы рөлі зор. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін де ескеру қажет. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ атмосфераға парниктік газ шығарындыларын азайтатын экологиялық таза энергия көзі еккендігәін атап өткен жөн.

Ғылым мен технологияның дамыған кезеңінде АЭС-тің арзан қуат екені рас. Біз электр жарығынсыз ешқандай тіршілік жасай алмаймыз. Ол біздің зауытқа да, өнеркәсіпке де, күнделікті тіршілікке, жер астындағы шахталарға да керек. Ал, қай мемлекеттің тәжірибесіне сүйену керек дегенге келсек, ол мәселені мамандардың еншісіне қалдыру керек.

Соңғы жылдардағы әлемдік нарықтағы мұнай және газ бағасының тұрақсыздығы мен энергия көздері табиғи қорының жылдан-жылға азайып бара жатқанын оқып, біліп жүрміз. Мұның салдары адамзатты басқа балама қуат көздерін іздеуге мәжбүр етіп отырғаны жасырын емес. Осы жолда жаһандық экономика, өзге баламалы қуат көздеріне қарағанда атом энергетикасы әлдеқайда басымдыққа ие.  Оның үстіне атом саласын зерттеп жүрген ғалымдар мен беделді сарапшылар «бейбіт атомның» қауіпсіздігі, адамзаттың электр қуатына деген қажеттілігінің өсуін қамтамасыз ете отырып, парник газдарымен ауаны ластауды төмендетуде атом энергетикасы елеулі рөл атқаруы мүмкіндігін жиі айтып жүр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстанның «таза» атом электр энергиясына мұқтаж екенін айтқан еді.

Күні кеше еліміз бойынша осы мәселеге қатысты ауқымды референдум аяқталды. Бәріміз де сайлау уческесіне барып, жарқын болашақ үшін өз даусымызды бердік.

Ел тұрғындары дұрыс таңдау жасап, елдің болашағы үшін батыл қадам жасады деген сенімдеміз.

Жанат СӘЛКЕНҰЛЫ, Целинограл ауданының Құрметті азаматы

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button