АЭС — БОЛАШАҚҚА ЖОЛ
АЭС — БОЛАШАҚҚА ЖОЛ
Біздің ел уран кенішіне бай болғандықтан, АЭС мәселесін шешуде қолайлы жағдайға ие.
Кеше өткен қазақстандық тардың атом электр стансасын салу бойынша ұлттық референдумы, біздің халқымыздың белсенділігін тағы көрсетті.
Балқаш бойында салынатын АЭС бұл Қазақстан, оның көршілес мемлекеттері үшін тиімді әрі оңтайлы жағдай туғызатыны анық.
Бұл арқылы Қазақстан көмір шикізатына деген сұранысын азайтар еді. Себебі, АЭС бұл күрделі мәселені тиімді шешетіні анық.
Көптеген мемлекеттер, АЭС-ты салғаннан кейін, өзінің ішкі күрделі мәселелерін жан-жақты шешіп, жаңа инновациялық кәсіптерді дамытып отыр. Бұл халықаралық тәжірибені біздің еліміз де алдағы уақытта кеңінен қолданбақ.
Қазақстан ірі уран кенішінде жұмыс істеп жатқан ел. Сондықтан, экологияның түрлі жайттарын шешу арқылы оны елдің қажетіне толығымен жаратпақ.
Белді бекем буып, жаңа ғылыми жобаны қолға алсақ — бұл ертеңгі күннің түрлі күрделі мәселелерін шешуге көмек беретіні даусыз.
Жексенбі күні өткен референдум халқымыздың жауапты шақта бірлігін, ертеңгі күнге деген сенімін айқындады.
«Көз қорқақ, қол — батыр» деген дана халқымыз. Бұл біздің алғашқы қадамымыз. Іске сәттілік тілеймін!
Келешекте АЭС Қазақстанның тағы бірнеше өлкелерінде бой көтеретініне кәміл сенемін. «Заманың қалай болса, бөркіңді солай ки» деген ұлағатты сөз бар.
Бар нәрсені кәдеге жарата білу парызымыз.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ,
Қазақстанның Құрметті журналисі.
Целиноград ауданы.