Ақмолалық диқандар 6 миллиондық межеден асты
Ақмола облысы егін жинау науқанында жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің жетекші аграрлық өңірі мәртебесін растады.
Жергілікті фермерлер 6 миллион тоннадан астам астық жинады. Тәуелсіздік жылдарында мұндай нәтиже тек 2011 жылы болған. Бұл соңғы жылдардағы өнімділік бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Бүгінгі таңда 4,5 миллион гектар дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 96,1% құрайды. Өңірдегі орташа өнімділік гектарына 14 центнерге жетті, алайда кейбір шаруашылықтардың жекелеген егістік алқаптарында заманауи агротехнологияларды қолданудың арқасында өнімділік гектарына 60 центнерге таяды. Мұндай көшбасшылардың қатарында «Максимовское» ЖШС (Сандықтау ауданы), «Дихан Плюс» ЖШС (Зеренді ауданы) және «Журавлевка-1» ЖШС (Бұланды ауданы) бар.
Аймақтың көптеген ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілері егін жинау науқанын аяқтады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Кенеш Әлімжановтың айтуынша, осындай нәтижеге ауыл шаруашылығы құрылымдарының, механизаторлардың, комбайнерлердің жемісті еңбегінің, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілді.
«Бүгінгі таңда ақмолалық аграршылар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, заманауи агротехнологиялардың тиімділігін көрсетті. Ақмола облысы республиканың экономикасы мен ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқара отырып, дәнді дақылдар өндірісіндегі негізгі өңір болып қала береді», — деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.
Өңірде егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 8,9 мың бірлік астық жинау техникасы, оның ішінде 4,8 мың заманауи өнімділігі жоғары комбайн, сондай-ақ 2,6 мың орақ және 4,8 мың жүк көлігі жұмылдырылды.
Алдағы күндері аймақта егін жинау науқаны аяқталады.
Акмолинские аграрии перешагнули 6-миллионный рубеж
Акмолинская область показывает высокие результаты в уборочной кампании, подтвердив свой статус ведущего аграрного региона страны.
Местные аграрии намолотили более 6 миллионов тонн зерна. За годы Независимости такой результат был только в 2011 году, а за последние годы является наивысшим показателем по урожайности.
На сегодняшний день убрано 4,5 миллиона гектаров зерновых и зернобобовых культур, что составляет 96,1% от общей площади посевов. Средняя урожайность в регионе составляет 14 центнеров с гектара, однако в некоторых хозяйствах на отдельных полях, благодаря применению современных агротехнологий, урожайность достигает 60 центнеров с гектара. Среди таких лидеров — ТОО «Максимовское» (Сандыктауский район), ТОО «Дихан Плюс» (Зерендинский район) и ТОО «Журавлевка-1» (Буландынский район).
Многие крупные сельхозпроизводители региона уже завершили уборочную кампанию.
По словам руководителя управления сельского хозяйства Кенеша Алимжанова, результат, достигнут благодаря плодотворному труду сельхозформирований, механизаторов, комбайнеров, а также государственной поддержке.
«На сегодняшний день акмолинские аграрии достигли высоких показателей, они не только укрепили продовольственную безопасность страны, но и продемонстрировали эффективность современных агротехнологий. Акмолинская область продолжает оставаться ключевым регионом в производстве зерновых культур, играя важную роль в экономике и сельском хозяйстве республики», — отметил руководитель областного ведомства.
Для проведения уборочных работ в регионе задействовано 8,9 тысячи единиц зерноуборочной техники, включая 4,8 тысячи современных высокопроизводительных комбайнов, а также 2,6 тысячи жаток и 4,8 тысячи грузовых автомобилей.
В ближайшие дни регион завершит уборочную кампанию.