АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ҚАЛАЙ АТАП ӨТЕДІ?
Ақмола облысының білім беру ұйымдары Республика күнін мерекелеу қарсаңында өңір оқушыларының саяси мәдениеті мен азаматтық ынтымақтастығын арттыруға ықпал ететін көптеген түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Бүгінгі таңда облыстың білім беру ұйымдарында «Егемендік – елдің бағдары жетпес игілігі!» дебаттық турнирлер, әнұранды орындау бойынша флешмоб, фотоконкурстар, эссе конкурстары, «Даналық мектебі» клубтары арасындағы спорттық жарыстар, жас оқырмандар конкурсы, қолөнер, суреттер, аппликациялар көрмелері. Әлеуметтік желілерде бейнероликтер, сәндік және қолданбалы өнердің виртуалды көрмелері, оқушылардың жетістіктері жариялануда. Сондай-ақ мектептер мен колледждерде «Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты шығарма, сурет, сынып сағаттарының конкурстары өтіп жатыр
Сандықтау ауданындағы «Жас дәурен» БСО негізінде осы күндері мерекеге арналған іс – шаралардың жеңімпаздары анықталуда: олар — облыстық мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары мен балалар ұйымдарының көшбасшылары «Мен-елімнің ертеңімін» форумы, мектеп парламентінің үздік Президентінің «Көш көсемі – 2023» және «Жыл оқушысы» конкурстары.
Облыстық дене шынықтыру, туризм және алғашқы әскери және технологиялық даярлық орталығы қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізуде. Ал 31 қазан – 3 қараша аралығында Ұлттық Мектеп лигасының бағдарламасында 9-11 сынып оқушылары мен қыздары арасында асық ату, бес асық және тоғызқұмалақ ойындары өтеді.
Ал 24 қазанда «Ақындар айтысы» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Импровизация байқауында оқушылар мен студенттер домбырада ойнау өнерін ұлықтап, туған өлкенің тарихы, Республиканың жетістіктері туралы білімдерімен бөліседі.
Колледж студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында өздерінің жасап жатқан жұмыстарын Республика күніне арнап, айналасындағыларға қуаныш сыйлайды.
Сондай-ақ мереке құрметіне ауылдық жерлердегі балалар үшін облыс және елорда мұражайларына танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.
[