Заң және Қоғам

Ақмола облысында жұмысшы мамандық иелеріне қолдау көрсетіледі

Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған кәсіподақтар қызметінің стратегиясын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы еңбек құқықтарын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмысшы мамандықтарын қолдауға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы Ақмола облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Соңғы бес жылдан бері кәсіподақ ұйымдары айтарлықтай нығайып, дамыған. Бастапқы кәсіподақ ұйымдарының саны 23%-ға, ал мүшелерінің саны 47%-ға артты. Кәсіподақтар қызметінің маңызды жетістіктерінің бірі — кәсіпкерлік қызметкерлері кәсіподағының филиалының ашылуы. Бұл қадам кәсіподақтардың түрлі салалардағы ықпалын кеңейтіп, күшін нығайтты.

«Әлеуметтік серіктестікті нығайту мен еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылуда. Соңғы жылдары 2024-2026 жылдарға арналған аймақтық келісім және Ақмола облысының білім басқармасымен салалық келісімдер сияқты маңызды құжаттар қабылданды. Бұл құжаттар техникалық персоналға жыл сайынғы еңбек демалысына қосымша денсаулық сақтау жәрдемақысын төлеуді қарастырады. Сонымен қатар, кәсіподақтар түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, бұл жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдармен конструктивті қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді», деді спикер.

Кәсіподақтар жұмысының маңызды нәтижелерінің бірі — ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру бастамасы, ол 2024 жылдың наурыз айында мақұлданды. Сонымен қатар, кәсіподақтар алғаш рет зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және 55 жасқа толған қызметкерлер үшін арнайы әлеуметтік төлем енгізуді қамтамасыз етті.

«Биылғы жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғаны да үлкен маңызға ие. Бұл қадам жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге және олардың дамуына жағдай жасауға бағытталған. Кәсіподақтар жұмысшы мамандарының табысты өмірбаяндары туралы бейнемазмұндарды таратып, «Еңбек тұлғалары» республикалық фотобайқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты — Қазақстандағы түрлі жұмысшы мамандықтарының көптүрлілігін көрсету және еңбекке деген құрметті насихаттау»,деп толықтырды өңірдегі Кәсіподақ басшысы.

2020-2025 жылдарға арналған кәсіподақтар стратегиясын жүзеге асыру және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру Қазақстандағы барлық еңбеккерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға негіз болмақ

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button