Аудан тынысыЗаң және Қоғам

  Ақмола облысында Президенттік орталықтың ұжымы Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Целиноград ауданы Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты Президенттік орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күні мен Халықаралық музыка күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

            Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың жолдауларында бірнеше рет атап өтілген инклюзивті қоғамның дамуына ықпал ете отырып, аға буынға терең құрмет пен қолдау көрсету.

«Біздің Орталықта әрқашан жайлылық, жылулық пен құрмет бар. Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын, өмірлік тәжірибелеріңізді бізбен бөліскеніңізге алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», — деді «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Қуандық Сандыбаев аға буын өкілдеріне арнаған сөзінде.

            Сонымен қатар, Қ.Сандыбаев өз сөзінде мерекелік шараны ұйымдастырғаны үшін Президенттік орталықтың басшылығына алғысын білдірді.

            Жоспарланған бағдарлама аясында екі тақырыптық бөлімнен тұратын көрме өтті.

«Тәуелсіздік – елдің тірегі» атты бірінші бөлімде Президенттік орталықтың қорындағы жәдігерлер арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тарихы көрсетілсе, «Әлем халықтарының музыкалық аспаптары» атты екінші бөлім қонақтарды әр түрлі халықтардың дәстүрлі музыкалық аспаптарымен және ұлттық киім үлгілерімен таныстырады. Экспозиция көрермендерге мәдени мұрамен етене жақын танысуға, сондай-ақ музыка мен дәстүр адамдардың жасы мен шығу тегіне қарамайтын біріктіруші күш екенін сезінуге мүмкіндік береді.

Көшпелі тақырыптық көрмені әдеби-сазды кеш толықтырды. Президенттік орталықтың қызметкерлері жүрекке жылу, көңілге шуақ сыйлайтын шығармаларды орындады. Әуелеген ән мен күмбірлеген күй кеш қатысушыларына шат-шадыман көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара бірлік пен түсіністік атмосферасын орнатты.

«Бүгін біз «Шапағат» орталығында сіздерге мереке сыйлағанымызға қуаныштымыз. Қазақтың «қариясы бар елдің қазынасы бар» деген сөзі тегін айтылмаған. Биыл біз сіздердің ұйымдарыңызға бірінші рет аяқ басып тұрмыз. Бүгін сіздер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысына сыйға тартылған дипломатиялық сыйлықтар, яғни Президенттік орталықтың мұражайлық коллекцияларымен, музыкалық аспаптармен және әлемнің ұлттық киімдерімен танысу мүмкіндігіне ие боласыздар. Сіздердің баға жетпес кеңестеріңізге алғысымыз шексіз. Ерен еңбегіңіз үшін рахмет. Баршаңызға жақсылық тілейміз», — деді Президенттік орталығының директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Мерекелік іс-шаралар сенбілікпен аяқталды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Президенттік орталықтың қызметкерлері Орталықтың аумағын тазартып, сол арқылы қарт адамдарға қолайлы жағдай жасады.

 

Анықтама. Жыл сайын1қазандаҚазақстандаБҰҰБасАссамблеясының45-шісессиясында жарияланған және ағабуынғақұрмет,сүйіспеншілікпенқамқорлыққаарналғанҚарттаркүні атап өтіледі.

Бұл күн Егде жастағы адамдарды қолдаудың маңыздылығына назар аударуға арналған, әсіресе халықтың қартаюына байланысты жаһандық өзгерістер жағдайында.

«Әлемдікдемографиялықперспективалар»есебінесәйкес, 65жастанасқанжастобындағыадамдардыңсаныбасқажастоптарыменсалыстырғандажылдамқарқынменөсуде.Болжамбойынша, 65жастанасқанегде жастағы халықтыңүлесі2050жылы16% — ғадейін өседі және5жасқадейінгібалаларсанынанекіесе көп боладыжәне12жасқадейінгібалаларсаныменбірдей.Қазақстандағыжағдайәлемдіктрендке сәйкес келеді.5жылішіндеҚазақстандатұратынқарттардыңүлесі22,2% — ғаөсті.

Елді мекеннің типі, тұрғылықты жері және әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері бойынша мыналар белгіленеді:

— демографиялық бөлімде ерлерге қарағанда әйелдер көп (63%) (37%);

— 65 жастан асқан адамдардың көпшілігі Алматы қаласында (205 586), Қарағанды (139 449) және Түркістан облыстарында (121 299)тұрады;

— ең азсаныМаңғыстау(42353),Атырау(44203)жәнеҰлытауоблыстарында(20356).

Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 131 872 теңгені құрайды.

Мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары бар:

✅табысы төмен немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған қарттарға арналған әлеуметтік жәрдемақылар;

✅ тұрғын үй жағдайларын емдеу немесе жақсарту сияқты арнайы қажеттіліктерді жабуға арналған біржолғы жәрдемақылар;

✅ ауруханаларда тегін медициналық көмек және емдеу;

✅ есептеу аспаптары мен газ жабдықтарын орнатуға жұмсалған шығындардың өтемақысы;

✅ санаторийге жолдамалар және т. б.

 

 

 

 

 

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button