Заң және Қоғам

Ақмола облысында қоршаған ортаны қорғау қалай жүзеге асырылып жатыр

Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы бойынша экология Департаменті басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов хабарлады.

Экология Департаменті табиғатты қорғау іс-шараларын енгізу шеңберінде кәсіпорындардың аумақтарын және олардың санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Осылайша, жұмыс жүргізуге берілген рұқсаттарға көгалдандыру 28,5075 гектардан асқан.

Экологиялық реттеу бөлімімен әлеуметтік желілер арқылы Экологиялық кодекстің баптары мен ережелерін түсіндіру мақсатында 7 тікелей эфир, жұртшылық, жобалау ұйымдары мен кәсіпорындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тікелей диалог арқылы 11 консультациялар өткізілген.

«Қоянды тазалық» ЖК, «Арқа-Тазалық» ЖШС, «Open minerals group» ЖШС, «Қосшы-Су» ШЖҚ МКК 1 КНС жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Аумақтарды тұрмыстық қоқыстардан тазарту, көшеттер отырғызу, көлдер мен өзендердің жағалау аймақтарын тазарту бойынша «Таза жағалау», «Таза төбешік», «Таза қала», «Жер сағаты» акциялары сияқты түрлі экологиялық шаралар ұйымдастырылуда.

Экология саласындағы түрлі тақырыптарға арналған брифингтер , дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді.  Департамент халық пен жұртшылық алдында атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы есеп беру кездесулерін өткізген.

Жазғы кезеңде Департамент жағалау аймақтары бойынша рейдтер өткізіп, онда демалушылар арасында табиғатқа ұқыпты қарау жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Департамент Ақмола облысының әкімдігіне «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК, «Котельная АСИ» ЖШС және «Есильский Горкомхоз» ШЖҚ МКК коммуналдық кәсіпорындары үшін АСМ орнатуды қаржыландыру мәселесін шешуге, көмек көрсету жайында сұрау хат жолдады.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button