Ақмола облысында дәнді және майлы дақылдарын өңдеудің жаңа технологиялары қолданылуда
«Атамекен» ӨКП-да бірінші вице-министр Ақмола облысының тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен кездесті.
Сонымен, жеке қабылдауда Көкшетау қаласының тұрғыны Еркежан Молдиярова тұтынушыларға автокөліктерге қосымша жабдық сатып алуды міндеттейтін автосалонның әрекетіне шағымданды.
Арман Абайұлы бұл талаптар «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 24-бабының бұзылуы болып табылатынын жан-жақты түсіндірді, онда сатушы сатуға міндетті, ал тұтынушы тауарды көрсетілген құнға сәйкес сатып алуға құқылы. Бірінші вице-министр тиісті шағыммен тікелей автосалонға жүгіну қажет екенін атап өтті. Егер автосалоннан қызметтен жауап келмесе немесе сотқа дейінгі тәртіпте бұзушылықтарды жоюдан бас тартса, Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласу қажет.
Бірінші вице-министр Арман Шакқалиевтің жұмыс сапары барысында Ақмола облысында дәнді және майлы дақылдарын өңдеуде жаңа технологиялар қолданылатыны белгілі болды. «Sinegor-Grain» ЖШС инновациялық жабдықтары бір мезгілде астық пен майлы дақылдарды қабылдай алады. Бұл кәсіпорынға жылына 50 мың тоннадан астам ұн шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Арман Шаққалиев ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін мамандандырылған сервистік орталық «Еуразия Групп Казахстан» ЖШС-де болды. «Новопэк» ЖШС-полипропилен мен полиэтиленнен жасалған ыдыстарды өндіру бойынша. Қуаттылығы тәулігіне 4 тоннадан астам өнім өндіретін — «Гормолзавод» ЖШС. Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді төмен бағамен сататын «KOKSHE MARKET «әлеуметтік дүкені.
Арман Шакқалиевтің айтуынша, үкімет бағаны тұрақтандыру құралдарын — форвардтық сатып алу ұғымын енгізуде.
«Осы құралдармен біз нарықты қолжетімді тауарлармен қанықтырамыз және сауда үстемесін сақтау сияқты бақылау функцияларын қолдана отырып, алыпсатарлық әрекеттердің жолын кесетін боламыз. Сонымен қатар, айналым схемалары бойынша қаржыландыруды өзгерту ӘМАТ бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті бірінші вице-министр.
Сондай-ақ, тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, отандық өнімді сыртқы нарықтарға жеткізуді ұлғайту басымдықта тұр. Жаңа сауда саясатының мақсаттарының бірі — 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көрсеткішін 41 млрд. долларға жеткізу.
«Елдің сауда саясатын дамытудың жаңа тәсілдеріне сауда ағындарының ашықтығы, елдің сауда-логистикалық әлеуетін күшейту және 2027 жылға қарай үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отырған сауданың заманауи және ұйымдастырылған форматтарын ынталандыру кіреді», — деп түйіндеді Арман Шакқалиев.