Заң және Қоғам

Ақмола облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметі туралы

 

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару облыс бойынша 204,4 мың га (51,1%) құрайды

2022 жылы бұзушылықтарды жою туралы бұрын берілген нұсқамалар бойынша 66 субъект, 263,6 мың га алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға кірісті.

Ақмола облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Ерғали Шориннің айтуынша, бұрын берілген нұсқамалар бойынша жалпы ауданы 174,4 мың га болған, 28 субъектіге қатысты бақылау іс-шараларын жүргізу қажет.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша соттың қарауында жалпы ауданы 222,3 мың га болатын 23 талап арыз бар.

Талданып отырған кезеңде ҚР жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылмаған және берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтардың 29 отырысы өткізілді.

Facebook және Instagram сайттарында ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет жарияланды.

«Департаменттің жүргізілген тексерулері, құқықтық түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ Департаменттің қоғамдық өмірдегі қызметі туралы Әлеуметтік желілерде Жарияланымдар өткізіледі», — деп спикер Шорин өз сөзін аяқтады.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button