Ақмола облысы бойынша Жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңнің қорытындысы туралы
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылғы 1-ші қазанда аяқталатынын хабарлайды.
Бұл туралы бүгінгі өткен брифингте Ақмола облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаменттінің басқарма басшысы Аюпова Назгүл Үкітайқызы баяндап берді.
Салық кодексінің 527-бабының 3-тармағына сәйкес бірлескен ортақ меншік кезінде мүлік салығын есептеу меншік иелерінің біріне жүргізіледі.
Салық заңнамасының нормаларына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер қолданылады, оларға: жеке тұратын зейнеткерлер, мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері және басқалар жатады.
Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында «Алдағы төлемдер» сервисінде, / Egov/ Электрондық үкімет порталында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы білуіңізге болады және 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.
2024 жылдың 16 қыркүйегінде үшінші кезеңге енгізілген тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру мерзімі аяқталған.
«Үшінші кезеңде декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, қатысушылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырды. Облыста мұндай адамдардың саны 92 мыңнан сәл асады.
2024 жылғы 16 кыркүйегінде жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) 77 мың жеке тұлға немесе 84% ұсынды»-дейді, Ақмола облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаменттінің басқарма басшысы Назгүл Аюпова.