Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылдың 8 айдағы жұмысының нәтижелері туралы
Осы жылдың 8 айында Департамент атына 292 өтініш келіп түсті. Сенім телефонына 51 тұтынушы, жеке қабылдауға 42 тұтынушы жүгініп, олардың құқықтары түсіндіріліп, қорғалды. Өтініштердің ең көп түскені бөлшек сауда-56%, ТКШ-12%, электрондық сауда-7% және туристік қызметтер-4%.
Азаматтардың шағымданатын негізгі мәселері:
- Дүкендерде«Тұтынушыбұрышының»болмауы;
- Сатушылардың 14 күнтізбелік күн ішінде тиісті және тиісті емес сападағы тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуы;
- Белгіленген10күнмерзімдешағымғажазбашажауапбермеу;
- Тауардың,оныңшығарылғанжері,дайындаушы,тұтынушылыққасиеттері,кепілдікміндеттемелеріжәнеталап қою тәртібітуралықажеттіақпараттыұсынбауы.
Ағымдағы кезеңде тұтынушыларға 30,0 млн теңге сомасына түрлі салалар бойынша ақшалай қаражатты қайтаруға көмек көрсетілді.
Департамент «тұтынушылардыңқұқықтарынқорғаутуралы»және»саудақызметінреттеутуралы» заңнаманормаларыныңбұзылуынажолбермеу бойынша түсіндіружұмыстарынүнеміжүргізеді.Бұлжұмысәлеуметтікжелілерде,мемлекеттікжәнемедициналықмекемелерде,саудаүйлеріндедәрістер,сондай-ақ жадынамалардытаратуарқылыжүзеге асырылды. Сондай-ақ сотқа дейінгіталаптардыдайындаудаақыл кеңестік құқықтықкөмек көрсетіледі.
Қабылданған шараларға қарамастан, бұзушылықтар жалғасуда. «Тұтынушының бұрышы» болмағаны үшін 39 ескерту беріліп, бір айыппұл салынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтеру фактілері бойынша жалпы сомасы 578,0 мың теңгеге айыппұл салынып 268 кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қайталама бұзушылықтарға қатысты айыппұл санкциялары көзделген, олардың мөлшері субъектінің санатына байланысты және 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін құрайды.
Қауіпті және сапасыз өнімді анықтауға қатысты ахуалдық штабтың бірлескен жұмысының нәтижелері бойынша импорттық өнімнің 37 түрі зерттелді. Өнімнің 24 түрі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға — 8 және таңбалауға -16 сәйкес келмеуі ретінде бұзушылықтар анықталды. Кәсіпкерліктің сегіз субъектісіне қатысты 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды және оларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Департамент бизнес субъектілеріне сауда саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.