Заң және Қоғам

СЕРІКТЕСТІКТІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТІСТІГІ

Өңір жаңалығы

Орталық Азиядағы ең ірі сауын каруселі Ақмола облысында іске қосылды

Ақмола облысында ел Президентінің тапсырмасын жүзге асыру жалғасуда. Ол өз сөзінде агроөнеркәсіптік кешеннің өнім өңдеудегі үлесін 70 пайызға өсіруді тапсырған болатын.

Облыста негізінен мал шаруашылығы, оның ішінде сүт өндіру инновациясына ден қойылып, ауқымды мақсаттарды іске асыру бойынша озық технологиялар енгізілуде.

«Родина» Агрофирмасы» ЖШС еліміздегі ең ірі сүт өндіру шаруашылығы және елорданы  азық-түлікпен қамтамасыз етушілердің арасында маңызды орынға ие.

Өткен аптада мұнда «Карусель» кешені іске қосылды. Аталған кешеннің Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азияда баламасы жоқ.

Игі шараға ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Аманғали Бердалин мен облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан қатысты.

«Біздің алдымызда елордаға жеткізілетін сүт өнімдерін 50 пайызға арттыру міндеті тұр. Ол үшін өңірде жаңа өндіріс орындары іске қосылып, қолда бары жаңғыртылуда. Бұл орайда кәсіпорындарды қолдаудың тиімді құралы — инвестиция салынған жобаны жеңілдікпен несиелеу. Ол қазіргі кезде ақмолалық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер арасында белсенді түрде қолданылуда», —  деп атап өтті Мұрат Балпан.

«Жаңа құрылғы сүт өндіру деңгейін біршама арттырып, жылына 40 мың тонна сүт өндіруге кепілдік береді, еңбек өнімділігі де 1,5 есеге артады. Ауыл шаруашылығында инновацияларды пайдалану — болашақты ойлайтын әрбір аграршылар  үшін өте маңызды», — деді өз сөзінде Иван Сауэр.

Аталған кешен ірі қара мал басы көп шоғырланған ірі фермалар үшін өте тиімді. Роботтық жүйедегі кешен 5 сағаттың ішінде  2000 бас сиырды  (бір мезгілде 80 бас) сауып шыға алады, сондықтан оператор көп күш-жігер жұмсамайды.

Аталған жүйедегі инновациялық шешімдер осы саладағы кәсіби мамандардың өздерін таңқалдыруда. Малдың жайлылығына да баса көңіл бөлінген. Бұл — түрлі аурулардың алдын алатын, тұяқтарды өңдеуге арналған автоматты ванналар.

Сүттің сапасы малды саууға әзірлеу мен сиырдың емшектерінің тазалығына тікелей байланысты. Сиырдың  қоңдылығын бақылайтын камера  тағам рационын оңтайландырып,  малдың денсаулығын қадағалауға мүмкіндік береді. Суару және салқындату жүйесі жылдың ыстық маусымында жайлы микроклимат қалыптастырып, өнімділікті арттыруға бейімделген.

Халық арасында «Мега-карусель» деп аталатын бұл нысанды іске қосу — Президент  тапсырмасына  сәйкес, агроөнеркәсіптік кешеннің өнім өңдеудегі үлесін 70 пайызға арттыруға жасалған маңызды қадам десек болады.

Өткен жылы несиелік қаржы бөлудің нәтижесінде өңірде 4,9 мың басқа арналған 5 ірі тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді. 2025 жылы 1,2 мың басқа арналған тағы екі тауарлы-сүт фермасын іске қосу жоспарланған.

Атап өтетін жәйт, аталған шаралар Ақмола облысында тауарлы сүтті 40 тоннаға дейін  немесе 1,5 есеге — 90 мыңнан 130 тоннға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде болашақта аймақ Астана халқын сүт өнімдерімен 50 пайыз қамтамасыз ете алады деген сөз.

Т.  ТӘШКЕЕВ.

Родина.

 

 

.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button