Ақмола облысында көлік инфрақұрылымы дамып келеді
Көлік инфрақұрылымын дамыту өңірдің әрі бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды бөлігі болып табылады. 2024 жылы Ақмола облысы жергілікті маңызы бар жолдардың және елді мекендердің көше-жол желісінің жағдайын жақсартуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл туралы Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Владимир Кулаков мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Басқарма басшысының айтуынша, облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше маңызды бағдарламалар аясында жүргізіліп жатыр.
«Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу»; «Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл-Ел-Бесігі», «Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту», «Моноқалалар мен шағын қалаларды дамыту», «Аудандық маңызы бар жолдарды, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары мен елді мекендерінің көше-жол желісін салуға және жөндеуге трансферттер», «Ыңғайлы мектептерге кірме жолдар салу», — деді Владимир Кулаков.
Сондай-ақ, облыс елді мекендерінің, оның ішінде Астанаға іргелес елді мекендердің көше-жол желісін салуға және жөндеуге ерекше назар аударылуда. Жұмыстар Қосшы, Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Жібек Жолы, Қызылжар және Қызылсуат сияқты елді мекендерде қолға алынған. Жұмыс сапасын бақылау орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін облыстық және аудандық бюджеттерден жол активтері сапасының ұлттық орталығының қызметтеріне 215 млн теңге бөлінді, ол құрылыс стандарттары мен кестелерінің сақталуын үнемі бақылауды жүзеге асырады.
«Облыс аумағында «Щучинск-Степняк-Уәлиханов», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы — Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай», «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское», «Щучинск-Николаевка», «Бурабай-Катаркөл» сияқты маңызды жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск», «Есіл-еркін-Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» жолдарында жөндеу жұмыстары қолға алынған», — деді толықтырды ол.
Басқарма басшысы өңірдегі қоғамдық көлік мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша қоғамдық көлікті жаңарту, көліктік қолжетімділікті жақсарту шеңберінде жұмыстар жалғасуда. Осы жылы жергілікті әкімдіктің қолдауымен қалалық және қалааралық қызметке арналған 24 жаңа автобус сатып алынған.
«Көлік инфрақұрылымын дамыту — адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңызды аспектілердің бірі. 2024 жылы біз негізгі автожолдарды жөндеуге және облыстың елді мекендеріндегі көше-жол желісін жақсартуға назар аудардық. Біз сондай-ақ азаматтарымыз үшін тасымалдаудың қолжетімділігі мен жайлылығын жақсартуға ықпал ететін қоғамдық көлікті жаңарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Алдағы жылға Көкшетау қаласы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға тағы 10 қалалық автобус сатып алуға өтінім берілді», — деп түйіндеді Владимир Кулаков.
Брифинг барысында жол сапасы мен қауіпсіздігінің қысқы мезгілге дайындығы да айтылды. Қар тазалау жұмысына 200 адам мен 130дан астам техника жұмылдырылмақ. Сондай ақ республикалық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстары аяқталып, жақсы қанағаттанарлық деңгейде екенін айтты басқарма басшысы.