Аудан өміріБарлық жаңалықтарЗаң және ҚоғамМәдениет

ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН…

#Күшіміз бірлікте

11 қаңтарда Ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында   еліміздің қауіпсіздігі үшін қолға алынатын бірқатар міндеттерді саралады.  Отырыста Мемлекет басшысы  полиция қызметкерлерінің құқығын қорғау мәселесін көтерді.

Ол өз сөзінде полицейлердің құқығын қорғау деңгейін көтеру керектігін және билік өкілдеріне жасалған шабуыл,  заңға бағынбайтындар үшін жауапкершілікті күшейту қажет екендігін атап өтті. Бұдан бөлек әскердің даярлығына да да күш салған жөн екендігін тілге тиек етті.  Ол үшін тез арада арнайы операция үшін әскери күштік  құрылымдарды жасақтау қажет. Шекаралық қызмет құзыретін қайта қарап, реформа жүргізу керек. Қарулы күштеріміздің, құқық қорғау құрылымдардың, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыртқы барлау қызметтерінің жұмысын қайта құру керектігін мәлімдеді. Тағы маңызды өзгеріс — ішкі, әскери, қаржы қауымдастықтарының қызметі толықтай қайта қаралады. Президент өз сөзінде Қорғаныс күштері органдарының қызметін жетілдіретін уақыттың  жеткендігін ескертіп өтті.

Отырыста мемлекеттік органдардың жұмысын халыққа қызмет етуге бағыттау керектігін де алға тартты. Сонымен  қатар  халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет екендігі де  тілге тиек етілді. Жұмыс нақты әрі әр азаматтың мүддесіне сай негізделген  болуы керек. Басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендетудің нақты көрсеткіштерін бекіту қажеттігі де қолға алынатын болды.  Мәжіліс отырысында көтерілген мәселелер мен қолға алынатын шараларды халық қолдайды. Ең бастысы күніміз бейбіт, еліміз аман болсын.

                                                                                                              Қанат ТЕМІРОВ, мәслихат депутаты.

Ақмол.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button