Заң және Қоғам

1 наурызда партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында 2023 жылғы 1 наурызда Qazaqstan ұтық телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нурлан Ауесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.

Тікелей эфир 1 наурыз 20:30-да өтеді. Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.

https://www.inform.kz/kz/1-nauryzda-partiyalar-arasyndagy-pikirsayys-otedi_a4040796

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button